Shejire

Ел Темір

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ел Темір (кейде Янь-Тэмур деп те аталады; моңғ. ᠡᠯᠲᠡᠮᠦᠷ, дәст.қыт.: 燕鐵木兒, жеңілд.: 燕铁木儿, пиньинь: Yān Tiēmù’er; 1285—1333) — қыпшақ билеушісі және Юань әулетінің соңындағы әскери қолбасшы. Қыпшақ гвардиялық әскерін басқарған, 1328 жылғы азаматтық соғыста жеңіске жетіп, диктатура орнатып, Туг-Тэмурды ұлы хан етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қыпшақ Ел Темір конфуцийшіл ретінде танымал, Ханьлинь академиясының мүшесі болған, «әскер мен мемлекеттің маңызды істерін жазумен айналысқан» және ресми тарихты құрастыруды тексеруге жауапты болған.

Өмірбаяны

Ел Темір қыпшақ отбасында дүниеге келген, оның әулеті көтерілісші моңғол кінәздері Наян (1287 жылы қайтыс болған), Хайду және Дувамен болған азаматтық соғыста ерекшеленген. Ел Темірдің әкесі Чонгур (1260—1322) және өзі Хайсанға адал әскери қолбасшылар болып, оның император тағына отыруын қолдаған. Нәтижесінде, Хайсан билік еткен кезде олардың әулеті биліктің ең жоғары шыңына жетті. Алайда, келесі екі қаған тұсында бұл жағдай күрт әлсіреді. Каған Есун Темір қайтыс болған кезде, Ел Темір салыстырмалы түрде қарапайым, бірақ өте маңызды әскери комитет басшысының көмекшісі (ch’ien-yüan) қызметін атқарды. Болжам бойынша, Ел Темір Есун-Темірдің мұрагеріне қарсы қастандыққа баруды Хайсан әулетіне фанаттық адалдығымен және өз отбасының бұрынғы даңқын қайтаруға деген ұмтылысымен түсіндірген.

Билікті басып алуы

Алғышарттар

Хошила мен оның біркөрші бауыры Туг-Тэмур таққа таласқанымен, төңкерістің негізгі ұйымдастырушысы Ел Темір болды. Хайсан әулеті негізінен Ел Темірдің саяси тапқырлығы мен әскери қуатының арқасында қайтадан билікке келді. Шидэбаланың бұрынғы жақын серіктерінің бірі Джен Су-ко оның өлімі үшін кек алу мақсатында көтеріліс бастау идеясын ұсынды. Ол Ел Темірді Есун-Темір қайтыс болмай тұрып-ақ бұл қозғалысты басқаруға көндірді.

Оқиғалардың барысы

Ел Темір Дадудағы өзіне бағынатын императорлық қыпшақ гвардиясына сүйене отырып, жоғары лауазымды шенеуніктер мен әскери қолбасшылар арасындағы барлық қарсыластарын тұтқындады. Ол астанадағы барлық стратегиялық нүктелерді басып алып, даос монастырлерінің қазынасы мен азық-түлік қорларын өз бақылауына алды.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Ел Темір
Діні
конфуцишілдік
Әкесі
Чонгур
Ізашары
Чонгур
Балалары
Данашили, Тэнгис, Талахай
Қайтыс болуы
1333 Юань Империясы
Дүниеге келуі
1285 Юань Империясы