Shejire

Еділбай Бекқалиев

Şejiredegi ornı
TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Еділбай Бекқалиев (1941 жыл, қазіргі Маңғыстау ауданы Тиген ауылы – 1996 жыл) – ауыл шаруашылық қызметкері.

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. 1959 – 96 ж. Маңғыстау ауданы кеңшарларында шопан, зоотехник, ферма меңгерушісі. 3-дәрежелі Еңбек даңқы орденімен «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.

Дереккөздер