Shejire

Давид Лазаревич Шамис

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Давид Лазаревич Шамис (10.12.1902, Украина, Одесса облысы Рени қаласы – 16.5.1972, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1948), профессор (1949). Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Одесса халық-ағарту институтын бітірген (1926). 1944 жылдан Қазақстанда тұрған. 1944–1963 жылы Қазақстан ғылым академиясының [[Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтында зертхана, сектор меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, директор (1956–1963); 1963 жылдан өмірінің соңына дейін зертхана меңгерушісі қызметін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері техникалық микробиология мәселелеріне арналған. 70-тен астам ғылыми жарияланым, оның ішінде 1 монографияның авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı