Shejire

Дәметкен Досмұханқызы Сүлейменова

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы (15 шілде 1953 жыл, Алғабас ауылы, Жымпиты ауданы, Батыс Қазақстан облысы) - тарих ғылымдарының кандидаты (2004), доцент, Алаштанушы-ғалым, Жаһаншатанушы, "Ж.Досмұхамедов атындағы "Қайраткер" қоғамдық қорының төрайымы. 1971-1976 жылдары Батыс Қазақстандағы А.С. Пушкин атындағы педагогика институтының «Тарих және педагогика» факультетінде оқыған. 1976-1980 жылдары жалпы білім беретін «Айдархан» орта мектебінде, 1980-1984 жылдары М.Өтемісұлы атындағы мектепте мұғалім болып істеген. 1984-2002 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы колледжде оқытушы және бірлестік меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2004 жылы «Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. «Жаһанша елі» (2004) атты әдістемелік оқулықтың және 30-дан аса ғылыми мақалалардың авторы. 2007 жылы «Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі» атты монографиясы жарыққа шықты. Қазір Орал қаласындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында оқытушы.

Дереккөздер