Shejire

Дәкен Шалабеков

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Дәкен Шалабеков (15.7.1922 жыл, Қарағанды облысы, Нұра ауданы - 28.7.1958, Алматы) - әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты (1955). Қарағанды оқытушылар институтын бітірген. 1943-1947 жылдары Нұра ауданы Қантай бастауыш мектебінде мұғалім, Қарағанды қаласында адвокат, Жамбыл атындағы №7 қазақ орта мектебінде оқытушы; Қарағанды мүғалімдер білімін жетілдіру институтының қазақ тілі мен әдебиет кабинетінің меңгерушісі, 1951-1958 жылдары тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған. "XIX ғасырдағы қазақ тарихи жырлары" атты зерттеуі "Қазақ әдебиеті тарихының" 1-томында (1960, 1- кітап) жарияланған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı