Shejire

Бурнооктябрь

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Бурнооктябрь – ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылынан оңтүстікке қарай 0,6 км жерде орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

Атауы шартты. Осы өңірде кішігірім үш қаланың орны сақталған. Оны 1940 жылы Жамбыл археологиялық экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич), 1955 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бірінші қаланың орны – Теріс өзенінің оң жағасында. Бұл – әр түрлі деңгейлі төрт бөліктен тұратын, бұрыштары жұмыр, төртбұрыш тәріздес төбе. Оңтүстік алаң ең аласасы, биіктігі 2 м, аумағы 27х55 м. Екіншісі тиісінше 5,5 м, 50х25 м; үшіншісі – 15,5 м, 12х18 м. Осыған іргелес 4-алаңның аумағы 90х70 м, ол төбенің оңтүстік шетінен келіп қосылады. Үш жағынан қоршаған қорған қалдығының биіктігі 0,3-0,5 м. Мұнараларының сақталған бөліктерінің биіктігі 2 м. Б.з. VII-X ғасырларына жататын қаланың жалпы ауданы 16000 м2. Екінші қаланың орны (XI-XII ғасырларға жатады) алғашқысынан батысқа қарай 1 км жерде. Оның орнының солтүстік жағының ұзындығы 102 м, оңтүстігі 120 м, шығысы 115 м, батысы 110 м. Айналасы биіктігі 2-3,5 м қорғанмен қоршалған. Шахристан қаланың оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан, ауданы 260х220 м. Қорғаныс қабырғалары мен бұрыштарындағы күзет мұнараларының орындары сақталған. Қалаға кірер қақпалары шығыс және батыс қапталдарында. Үшінші қаланың орны – алғашқы екеуінің аралығында, төбе цитадель, шахристан және рабадтан тұрады. Шахристанының әр қабырғасы шамамен 50-60 м-дей, сегіз бұрышты. Цитаделі шахристанның ішкі жағында, солтүстік қабырғасына жақын орналасқан. Оның аумағы 27х32 м. Шахристанның бұрыштарындағы мұнаралардың орны сақталған. Рабад шахристанның солтүстік және солтүстік-шығыс шетінде. Ол қисық төртбұрыш тәріздес, аумағы 300х180 м, айнала қоршаған бекініс қабырғасы қалдығының биіктігі 2 м. Табылған заттай деректер қаланың XI-XII ғасырларда болғанын көрсетеді. Теріс өзенінің оң жағасында "Баркуаб" атты орта ғасырлық Жібек жолының бойындағы қала жұрттары болған. Бұл жер Тараз, Жамбыл облысының энциклопедиясында шартты түрде "Бурнооктябрь І, ІІ, ІІІ қала жұрттары" деп берілген.

Дереккөздер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Málimetter

Қалануы
VIII-XII ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
42°40′26″ с. е. 70°50′21″ ш. б. / 42.67389° с. е. 70.83917° ш. б. / 42.67389; 70.83917 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…