Shejire

Бура-Би

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

“Бура-Би” — күлдіргі халық биі. Музыкалық өлшемі 4/4. Сюжеті шағын. Ойнақтаған бураның келесінен адасып қалуы, ұрыға кезігуі, ең соңында бура мен оның иесінен ұрының жан сауғалап қашуы би тілімен өрнектеледі. “Бура-Биді” 1936 жылы сахнада тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облысының халық бишілері орындады.

Дереккөздер