Shejire

Бұйдаш хан

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан, туған жылы белгісіз - 1559/1560) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тахир ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет хан (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тахир хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған. Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. Тарих-и Рашидиде Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыр Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз. Бірақ орыс жылнамаларында Әдік сұлтанның соңғы ұрпағы Бабақ сұлтан қайтыс болғанын айтады.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Бұйдаш хан
Діні
ислам
Анасы
Султан Нигар Ханым
Әкесі
Әдік сұлтан
Жұбайы
Махим Ханым
Ізашары
Бауыш хан
Ізбасары
Хақназар хан
Балалары
Бабақ сұлтан
Қайтыс болуы
1559/1560 Мәуереннаһр