Shejire

Бөрте

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

"Tumanba Khan, His Wife, and His Nine Sons", Folio from a Chingiznama (Book of Genghis Khan)
Басаван / Bhim Gujarati · Public domain

Бөрте — (шамамен 1154 — 1230/31) — Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңырат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішіндегі боржіген (бөрітегін) руының батыры Есугей 9 жасар ұлы Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) қоңырат еліне ертіп барып, ежелгі түркілер дәстүрі бойынша Бөртеге құда түсіп қайтады. Көп ұзамай Есугей қайтыс болып, Темірші жетім қалып, көптеген қиыншылықтарды басынан өткізеді. Тек ержеткеннен кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып қайтады. Бірақ осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер шабуыл жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді. Темірші әкесінің андасы Керей хандығының ханы Тұғырыл (Уән хан) мен жажират руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөртені босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелдерінен көптеген балалар тараған. Дегенмен Шыңғыс хан Бөртеден туған 4 ұлын: Жошыны (1182 — 1227), Шағатайды (1183 — 1242), Үгедейді (1185 — 1241), Төлені (1193 — 1256) өз мұрагерлері ретінде таныған. Бөртеден туған 4 ұл мен олардың ұрпақтары Шыңғыс ханның серіктері болып қана қоймай, ол бастаған істі әрі қарай жалғастырушылар ретінде түркі-моңғол халықтары тарихында үлкен із қалдырды.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Бөрте
Әкесі
Дай-Сечен
Азаматтығы
Моңғол империясы
Қайтыс болуы
1230 Аварга
Дүниеге келуі
1161