Болат сұлтан
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Болат сұлтан (? - 1428 жылы қайтыс болды) - Шыңғыс хан әулетінен шыққан сұлтан, Жошы ханның он үшінші ұлы Тоқа Темірден, немесе Жошының тұңғышы Орда Еженнен тараған Ұрыс ханның немересі, қазақтың тұңғыш ханы Керейдің әкесі. Немере ағасы Барақпен бірлесіп Алтын Орданы біріктіруге тырысты, алайда мақсатына жетпей, Мансұр бидің жақтастарының қолынан қаза болды.
Өмірбаяны
«Таварих-и Гузида-йи Нусрат-намеде» Болат Ұрыс ханның немересі, Тоқтақия ханның ұлы делінген. Болаттың өмірі мен қызметі туралы мәлімет аз, дегенмен Болат сұлтан Алтын Орда тарихында өз ізін қалдырған тұлға. Немере ағасы Барақ ханмен бірлесіп, Алтын Орданы қалпына келтіруге ниеттенді. Барақ хан Алтын Орданың батысында жеңіліске ұшырап, Алтын Орданың шығысына оралуға мәжбүр болды. Алдымен Мансұр биді талқандап оның иелігін өз қол астына қаратты. Сығанақ қаласын қайтаруды ойлады. Бұл кезде Сығанақ Ұлықбектің қарамағында еді. Барақ пен Болат Ұлықбектің әскерін талқандап, Сығанақ қаласын басып алды. Кейіннен Барақ пен Болатқа қарсы Мансұрдың ағалары Наурыз бен Ғази оларға қарсы әскер аттандырады. Барақты Мансұрдың қол астындағы батыры Аяс қыпшақ өлтірген. Болат та осы шайқаста қаза болды.