Бименде Ерденұлы
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Бименде Ерденұлы (1861-1918), ел билеген, болыс болған, ислам жолын ұстаған адам. Ерден Сандыбайұлының бел баласы. Ерден дүние салғаннан кейін 30 жылға тарта болыс болған. Омбыда патша мұрагерлерінің тойына қатысқан. Бименде 50 жасқа келген шағында болыстықты тастап,таза дін жолына түскен. Меккеге қажылыққа барып, ақыры көп пайғамбарлар жатқан Байтулладан топырақ бұйырады. Бименде өте нұрлы адам болған деген аңыз бар. Ақын Мұқан Балтекейұлы «Бименде ағаға» (1892 ж.), «Бименденің елге сәлемі» атты өлеңдер арнаған.