Shejire

Бекетов неуромасы

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бекетов неуромасы — крестгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, сондай-ақ Кетпен жотасында кездеседі. Биіктігі 15-40 см. Сабағы жапырақсыз, түкті. Желек жапырақтары қысқа сағақты, калақ-жұмыртқа пішінді, кейде қандауыр тәрізді, түкті, түксіз болады. Тостаған жапырақшалары қарақошқыл түсті, күлтелері күлгін немесе лағыл түсті. Мамыр-маусымда гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. Жемісі — бұршаққын. Әсемдік өсімдік. Сирек кездесетін эндемик. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Дереккөздер