Бекбауыл Өтегенұлы
Şejiredegi ornıTūlğaJañartý: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Бекбауыл Өтегенұлы (1788, Қызылорда облысы Арал ауданы - шамамен 1874, Хиуа) - би. Әлімұлы тайпасының Кішкене Шекті руынан шыққан.
Ел бірлігі мен татулығын сақтауға күш салған. Сондай-ақ, ол өзінің ұлы - Құлбарақ батырмен бірге Жанғожа бастаған Хиуа мен Қоқанн хандықтарының езгісіне қарсы күреске және Ресей отаршылдығына карсы көтеріліске қатысқан. Хиуа ханы алдына барып, елдің талап-тілегін жеткізген. Оны Хиуа ханы у бергізіп өлтірткен.
Қызылорда облысының Арал ауданында Бекбауыл атында елді мекен бар.