Бақытжан Садықұлы Орманов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Бақытжан Садықұлы Орманов (25.3.1953, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Байжансай ауылы – 21.3.2001, Астана қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998).
Оқу жолы
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1976, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының (1982, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) аспирантурасын бітірген.
Жұмыс жолы
Түркістан облысы Арыс қалалық ауруханасында хирург (1976–1978), Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында доцент (1988); 1998 жылдан Ақмола мемлекеттік медицина академиясында профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ғылыми еңбектер
«Спаечная болезнь (профилактика, диагностика и лечение)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 60-қа жуық ғылыми жарияланымның авторы.