Shejire

Бабаұлы Дауыл

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Дауыл батыр Бабаұлы (туған жылы белгісіз – 1832) – Байұлы тайпасы Адай руының Ескелді бөлімінен шыққан батыр. 1832 жылы үстірт үстінде Хиуа басқыншыларымен болған негізгі шайқаста Адай қолының туын ұстаған. Кескілескен ұрыста Дауыл батыр өлімші болып жараланғанына қарамастан туды жықпай, шабуыл алдында жүреді. Ұрыстың бір арасында Сүйінқара батыр: «Енді бір шабуылға шыдайсың ба?» – деп сұрайды. «Жан шыдаса мен де шыдармын», – деп жауап береді батыр. Шабуыл сәтті болып, ұрыс аяқталғаннан кейін, аяқ-қолы құрысып қалған, бірақ қолында туы бар ат үстіндегі батырдың жансыз денесін түсіріп алады. Батырға құрмет ретінде Манатаның шығыс жағындағы ата қауымына әкеліп жерлейді. Қазір бұл қауым 1931 жылы сонда жерленген Бабаұлының ағайыны Жұлдызбай атында.

Дереккөздер