Асы жайлауы
TarıhJañartý: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Асы жайлауы – Іле Алатауының шығыс сілеміндегі биік таулы жайлау. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жерінде орналасқан. Солтүстігінде Қараш тауы және Бақай тауларымен, оңтүстігінде Сарытаумен шектелген. Ұзындығы 15 – 17 км, ені 8 км. Теңіз деңгейінен 2380 – 2410 м биіктікте. Жайлаудың топырағы шұрайлы, шөбі шүйгін. Мөлдір сулы Асы өзені жайлаудың өн бойымен ағады. Асы жайлауы көшіп-қонуға ыңғайлы мал жайылымы болып табылады.
Сыртқы сілтемелер
http://www.testent.ru/publ/kazak_tili_sabagi/tuan_lke_zhajlau/3-1-0-83