Shejire

Асқар Меңдіахметұлы Қонаев

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Асқар Меңдіахметұлы Қонаев (14 шілде 1929, Алматы – 31 наурыз 1999 жыл, Алматы) – ғалым-металлург, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1981) және президенті (1974–1986), Қазақ КСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).

Өмірбаяны

Ысты руынан шыққан. Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітірген (1951). 1951 – 53 жылдары Теміртау металлургия зауытында болат қорытушы 1953 – 88 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында ғылыми қызметкер, институт директоры (1970 – 72) 1972 – 74 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті 1974 – 86 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Президенті. 1996 – 99 жылдары Қазақстан Ғылым Акадкмиясының Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры болды.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері кен өңдеудің физика-химия кешенді технологиясын дамытуға арналған. кремнийге бай сирек кездесетін металл кендері мен фосфориттердің тотығуын және қалпына келуінің жаңа заңдылықтарын тапты; қорғасын өндірісі қалдықтарын электротермиялық жолмен қайта өңдеу әдісін металлургия өнеркәсібіне енгізді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1972); басқа ғалымдармен бірлесіп, мыс, қорғасын және мырыш алудың КИВЦЭТ-тік технологиясын жасады (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1978); қатарынан фосфор мен кешенді легирлеуші қорытпалар алудың жаңа технологиясын жасады (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982); өнеркәсіптік көлемде фосфорлы темір кенін өңдеу технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1984).

Жетістіктері

9 – 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттары

Ленин ордені Қазан төңкерісі ордені; Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı