Shejire

Арыстан Жантөрин

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Арыстан Жантөрин (туған жылы белгісіз — 8 шілде 1855, Елек өзенінің бойы, Суықсу деген жер) — Әбілқайыр ханның шөбересі, Айшуақтың немересі, Жантөре ханның баласы. Ресейдің отаршылдық саясатына көмектескен сұлтан.

Кіші жүзде хандық билік жойылып (1824), Кіші жүз жері үш территориялық аймаққа (Батыс, Орталық, Шығыс) бөлінгеннен кейін Жантөрин 1841 — 1855 жылы Орталық аймақты биледі. 1836 — 1838 жылғы Кіші жүз қазақтары ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі Махамбет Өтемісұлы 1841 жылы ақталғаннан кейін Жантөриннің бақылауында болады. Жантөрин Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісін басуға да қатысқан. 1853 жылы көтерілісті басуға жазалаушы отрядты бастап шығады. 1855 жылы маусымда үлкен жазалаушы отрядты басқарған Жантөрин көтерілісшілерге қарсы тағы да аттанады. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісшілермен Жантөриннің жазалаушы отряды Елек өзенінің бойында, Суықсу деген жерде кездеседі. Есет Жантөринге елшілер жіберіп, кері қайтуы туралы ұсыныс жасайды. Арадағы келіссөз нәтижесіз болған соң, көтерілісшілер таңсәріде күтпеген жерден Жантөриннің қосынына шабуыл жасап, сұлтанды бірнеше билеушілермен қоса өлтіреді.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Арыстан Жантөрин
Діні
Мұсылман
Әкесі
Жантөре хан
Ізашары
Жүсіп сұлтан
Ізбасары
Мұхамеджан сұлтан
Династия
Төре
Қайтыс болуы
1855 (1855)
Дүниеге келуі
1811 (1811)