Shejire

Арынғазы хан

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Арынғазы Абылғазыұлы (1783 — 1833) - Кіші жүз ханы, Қайып ханның немересі. 1815 ж. әкесі Абілғазы қайтыс болғаннан кейін шекті, жаппас, арғын, алтын, т.б. рулардың би, старшындары тарапынан құрылтайда хан сайланған. Ақылдылығымен, парасаттылығымен көзге түскен. Шерғазымен тайталасып, оны хандықтан ығыстыруға ұмтылған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен тартысқа түсіп, бірнеше рет соғысқан. Арынғазы қозғалысы деген атпен белгілі саяси ағымның мақсаты — хандық билікті нығайту, Орта жүз бен Кіші жүзде ортақ мемлекет құру, оған ислам дінін, мұсылмандық құқықты, шариғатты тірек ету. Сөйтіп, ол билер мен старшындарды ел билеуден шеттетіп, ер руға жасауыл тағайындады. Арынғазы Ресей протекторатын біріккен қазақ хандығын құру мақсатына пайдалануға ұмтылды. 1819 ж. Шерғазы хан патшаның атына Арынғазының үстінен шағым түсірді. Губернатор П.К.Эссен оған қолдау көрсетті. Тіпті Шерғазыны хандықтан аластатып, Арынғазыны хан ретінде бекітуге патшаға ұсыныс жасаған. Кіші жүздің бір ғана бөлігін басқарса да, патша үкіметінің осы өңірді отарлауына мейлінше қарсылық көрсеткен. Шерғазының соңынан Санкт-Петербургқа барған. Шерғазыны ғана хан ретінде мойындаған I Николай оны тұтқындау жөнінде нұсқау берді. 1823 ж. Арынғазы ұсталып, Калугаға жер аударылды. 1826 ж. желтоқсан айының 21-де бірнеше сұлтан және белді старшындар Эссеннен Арынғазыны Калугадан өз ауылына қайтаруға өтінген. Эссеннің қолдауына қарамастан, Азиялық комитет бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Осыған қарсылық ретінде Арынғазының «партиясы» халық арасында үгіт жүргізіп, Ресейге қарсылық жасауға тырысты. 1833 ж. Арынғазы Калугада дүние салды. Арынғазы күйші де болған. Оның «Арынғазы» атты жеті буынды жыр өлшеміне сай келетін күйі марш сияқты сергек сипатымен, айқын көңілді сазымен ерекшеленеді. Үш бөлімді пішінде дамитын бұл шығарма Құрманғазы, Дәулеткерей, т.б. күй шығармашылығына («Сарыарқа», «Түрмеден қашқан», «Қосалқа») әсер етті.

Хан тұқымынан жеткен жәдігер

Музей қорында Ақтөбе маңынан бастап Қарғалы бойын иеленіп мекен еткен, бастауын Қайып ханнан /1680-1718/ алатын Арынғазы ханның /1785-1833/ төртінші ұрпағы Камалиден, Ахметша, Уәлиша, Ғалиахмед Арынғазиевтердің өмірінен мәлімет беретін біраз сурет-құжаттар және Ахметшаның қызы тапсырған Варшавада дайындалған "Арунгазиев" деп жазылған факсимилесі сақтаулы.

Ахметша репрессия зұламатынан қалған Арынғазиевтердің бірден-бір жұрнағы. 1940 жылы Ахметша халық ағарту мекемесінің /ОРКУНО/ меңгерушісі қызметін тастап музейге қызметке кіреді де, 1941 жылы қысқартылып, жұмыстан шығады. ‎ Сол жылдары Ахметша үйіндегі ескінің қалдығы/ себебі репрессия жылдары халық қолындағы дүние де репрессияға ұшырағаны мәлім/ этнографиялық бұйымдарын: шара табақ, сауыт, жез тостаған, құмған т.б. заттарды Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейге тапсырғанын Роза Ахметшақызы растайды. 1950-60 жылдары әкесімен музейге келгенде осы заттарды өткізгенін айтады.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Арынғазы хан
Діні
Ислам
Әкесі
Әбілғазы хан
Ізашары
Қаратай хан
Ізбасары
Шерғазы хан
Династия
Төре
Қайтыс болуы
1833 (1833) Ресей империясы
Дүниеге келуі
1783 (1783) Қазақ хандығы
Ұлы жүз хандары
Жолбарыс хан • Есім Сәмекеұлы • Әбілфайыз хан