Shejire

Ақжелең

Salt-dástúrJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ақжелең — домбыра күйлерінде қалыптасқан музыкалық жанр. Қазақстанның батыс өңірінде әрбір орындаушы өзін күйшілік санатқа кіргізу үшін алпыс екі Ақжелеңді түгел тарту шарт болған. Бұл өзіндік орындаушылық мектеп сияқты. Сондықтан ел арасында “Алпыс екі Ақжелең”, “Алпыс екі салалы Ақжелең” немесе “Алпыс екі тамырлы Ақжелең” дейді. Алпыс екі Ақжелеңді Қаратас-Аймағамбет, Үсен-төре, Айжарық, Молдағали, Тілекеш, Боғда, Рах, Айша, Емберген, Қазаңғап сияқты күйшілер түгел орындаған. Ұзақ, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Еспай сияқты ұлы күйші-композиторларымыз осы дәстүрді жалғастырып өз Ақжелеңдерін шығарған. Қазанғап 62 Ақжелеңнің ең бірінші күйі “Күй шақырғышқа” “сірке қондырып” яғни мәнерлеп, байытып орындап, Әзірберген хан ұйымдастырған күйшілер сайысында бас жүлдеге ие болған.

Дереккөздер