Shejire

Аққорған қаласы

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Аққорған – орта ғасырлардағы қала, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

Ескерткішті 1890 жылы В. Каллаур ашқан, 1990 жылы А.О. Руднев, 1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышев) зерттеген. 2004 жылы ХҚТУ ТАЭ (М. Елеуов) географиялық координаттарын анықтап, жоспарын сызып, суретін түсірді.

Тарихи деректер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қала аты Түркістан өңіріне байланысты саяси оқиғаларды баяндайтын орта ғасыр авторларының жазбаларында жиі кездеседі. Масуд бин Осман Кухистанидың хабарлауынша Аққорған Сығанақ, Созақ, Аркук қалалары сияқты Әбілқайыр ханға өз еркімен берілген. "Үлкен сызба кітабындағы" деректерге қарағанда Аққорған Жаңақорғаннан 70 шақырым, Сайрамнан 110 шақырым жерде орналасқан. Осы тұста ежелгі қаланың орны сақталған. Осы күнге дейін Аққорған болып аталады.

Сипаты

Екі деңгейден түратын трапеция тәріздес төбе. Басқа бөлігінен едәуір биік орналасқан бөлігінің аумағы 150x110 м, биіктігі 6 м. Бұл цитадельдің орны. Оны қоршай орналасқан аласа төбенің қабырғалары: шығысында 210 м, батысында 240 м, оңтүстік және солтүстік боліктерінде 230 м. Қаланың қорғаныс қабырғасы мен оның сыртындағы ордың іздері анық сақталған. Жинастырылған деректерге қарағанда қала XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген.

Дереккөздер

Málimetter

Қалануы
ортағасыр
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°35′11″ с. е. 67°23′09″ ш. б. / 43.58639° с. е. 67.38583° ш. б. / 43.58639; 67.38583 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…