Shejire

Ақмырзаев Мұрат Мұрзағалиұлы

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ақмырзаев Мұрат Мұрзағалиұлы (14 қаңтар 1952 – 29 қараша 2025, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылы) — педагог, байланыс маманы, өлкетанушы.

Өмірбаяны

Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік педогогикалық институтын (1974), Атырау темір жол техникумын бітірген (1996). 1974 – 2000 жылдары нөмір үшінші Жетібай орта мектебі, Өтес мектебі, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, М.Әуезов атындағы орта мектеп, «Мейірбике» медициналық колледжінде мұғалім, оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында аға әдіскер болды. 2000 жылдан бастап Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Ақтау бөлімшесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарып жүр.

Шығармашылығы

«Валеология курсына көрнекті көмекші құрал» (2000), «Валеология» (машықтану жұмыстарының жинағы) (2001), «Валеология» (дәрістер жинағы) (2003), «Экология және валеология» (2004), «Экология», «Адай уезінің жазба мұралары» (2006), «Валеологиялық мәдениет қалыптастыру терминологиясы» (2007) кітапшаларының авторы.

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Ақмырзаев Мұрат Мұрзағалиұлы
Ұлты
қазақ
Мансабы
жазушыпедагогбайланыс маманы өлкетанушы
Туған жері
Жармыш, Маңғыстау ауданын, Маңғышлақ облысы, Қазақ КСР, КСРО
Туған күні
14 қаңтар 1952 (1952-01-14)
Азаматтығы
 КСРО →  Қазақстан
Қайтыс болған күні
29 қараша 2025 (2025-11-29) (73 жас)
Шығармалардың тілі
қазақша
Шығармашылық жылдары
2000 - қазіргі уақытқа шейін