Shejire

Ақадыр тауы

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Ақадыр – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Балқаш қаласының солтүстік-шығысында 40 км жерде, Тоқырау өзені жағасында, батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Ең биік жері — 583 м.

Жер бедері, геологиялық құрылымы

Беткейлері жайдақ, түпкі жыныстары жалаңаштанып жер бетіне шығып жатыр. Ерте ортаңғы тас көмір дәуірі гранитоид жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Сортаңды сүр қоңыр топырақта жусан, бұйырған, баялыш өседі. Оңтүстік беткейінде бұлақтар және тұщы сулы құдықтар (Манас құдығы) бар. Күзгі, көктемгі жайылым.

Дереккөздер

Málimetter

Ені
5 км
Елдер
 Қазақстан, Қарағанды облысы
Биіктігі
583 м
Ұзындығы
17 км
Тау жүйесі
Сарыарқа
Пайда болған кезеңі
Тас көмір