Shejire

Ән өлеңі

Salt-dástúrJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Ән өлеңі - муз. әуенмен айтылуға лайықталған сөз өнерінің бір түрі.

Ән өлеңі халықтық және әдеби болып екіге бөлінеді. Халықтық деп кім шығарғаны белгісіз Ән өлеңдерін айтады: Мысалы: "Жайдарман", "Жиырма бес", т.б. Ән өлеңдерінің екінші түріне авторы белгілі шығармалар жатады. Мысалы: "Сегіз аяқ", "Бойы бұлғаң", "Жанбота", "Ақ сиса", "Құлагер", "Ардақ", "Айпамкөз", "Қаракесек", "Майра", "Қорлан", "Гәкку", "Жас қазақ", "Ақ маңдайлым", т.б. Әдебиеттануда дербес зерттелетін сал-серілер өнернамасы, негізінен, олардың Ән өлеңдерінен тұрады. Абайдың, Мағжанның әуені мен сөзі егіз өрілген. Ән өлеңдер - ұлттық поэзиямызға да, ұлттық музыкамызға да олжа салған туындылар. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Н.Шакенов, М.Әлімбаев, Н.Әлімқұлов, Т.Молдағалиев, Қ.Шаңғытбаев, т.б. Ән өлеңдері жұртшылыққа кеңінен мәлім.

Дереккөздер