Әмір Тұрлыбайұлы Алданазаров
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Әмір Тұрлыбайұлы Алданазаров (1.5.1915, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы — 22.1.1975, Алматы) — гематолог, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973), Ұлы Отан соғысының ардагері. Ташкент медицина институтын бітірген (1941). 1948 — 56 жылдары Қазақстан ғылым академиясыныңӨлкелік патология (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, 1956 жылдан бөлім меңгерушісі болды. Алданазаровтың негізгі ғылыми еңбектері: Қазақстанда қорғасыннан уланудан болатын қан жүйесіндегі өзгерістердің белгілері мен дамуын (патогенезін), сақтандыру шараларын және емдеу әдістерін зерттеуге арналған. 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдарменмарапатталған.