Shejire

Аманиязов Құрбан Непесұлы

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Құрбан Непесұлы Аманиязов (1932 жыл, Форт-Шевченко – 2015 жыл, Алматы) — кеңес, түрікмен және қазақ геолог-ғалымы, 400-ден астам еңбектердің авторы, геологиялық-минерал ғылыми докторы (1968), профессор (1970), Түрікменстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1981).

Өмірбаяны

Түрікменстан мемлекеттік университетін бітірген (1957). 1960 - 1968 - Түрікменстан Ғылым Академиясының Геология институтының аға ғылым қызметкері, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. 1968 - 1981 - Түрікмен мемлекеттік университетінің физика-география кафедрасының профессоры болды. 1988 - 1992 - Түрікмен мемлекеттік университетінің геология институтының директоры болды. 1988 - 1992 - Түрікмен политехникалық институтының кафедра меңгерушісі болды. 1992 - 1995 - Түрікменстан Ғылым Академиясының Каспий теңіздің экологиясында лаборатория меңгерушісі болды. 1995 жылдан Ақтау университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

Ғылыми еңбектері

Тұран ойпатының мұнай, газ, көмір, күкірт, тұз, т.б. кен байлықтары, Копетдаг, Балқан, Гиссар тауларының, Үстірттің және Каспий теңізінің геологиясы туралы жазылған 300-ге тарта ғылыми еңбектердің, 20 монографияның авторы. «Биостратиграфия және Түрікменстанның жоғарғы юра қабаттарының зоогеографиясы» (1971), «Түрікменстанның оңтүстік-батыс өңірінің мұнай-газ кен орындарының геологиясы» (1985), «Палеография және Орта Азияның батыс аймағының жоғарғы юра қабаттарының қазбалы байлықтары» (1989), «Түрікменстанның солтүстік-батыс, Маңғыстаудың оңтүстік аймағы мен Үстірттің мезозой қабаттарының геологиялық құрылысы» (1989), т.б. монографиялардың авторы. Аманиязов Абайдың қара сөздерін, қазақ ертегілерін түрікмен тіліне аударған.

Марапаттары

«Жоғары оқу орындарының үздігі» (1981). Түрікменстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасы (1982). КСРО-ның Бүкілодақтық халық шығарма көрмесінің алтын медалі (1984). Халықаралық геологтар 27-конгресінің алтын медалі.

Сілтемелер

Мұнайлы Астана - ОТАШЫ ҚЫЗ(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Аманиязов Құрбан Непесұлы
Туған жері
Форт-Шевченко, Маңғышлақ облысы, Қазақ КСР
Туған күні
22 сәуір 1932 (1932-04-22)
Азаматтығы
 КСРО→ Қазақстан
Альма-матер
Горький атындағы Түрікмен мемлекеттік университетіЖданов атындағы Ленинград мемлекеттік университеті
Ғылыми аясы
геология
Ғылыми дәрежесі
геологиялық-минерал ғылыми докторы
Қайтыс болған жері
Алматы, Қазақстан
Қайтыс болған күні
12 мамыр 2015 (2015-05-12) (83 жас)