Shejire

Әлжан Махмұтұлы Байғурин

Şejiredegi ornı
TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Әлжан Махмұтұлы Байғурин (Байғарин, Байғораев) (10.7.1896 жыл, бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезі Домбар болысы — 10.10.1938 жыл, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, дәрігер, педагог.

Қостанай орыс-қазақ училищесін (1910) реалдық училищені (1916), Орта Азия мемлекет университеті (Ташкент, 1925] бітірген. 1917 жылдың көктем-жазында 1-дүниежүзілік соғыс кезіндегі қара жұмысқа алынған қазақтар арасында, Минск түбіндегі Бұратаналар бөлімінде қызмет істеді. 1-жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің (“Ислам кеңесі”) мүшелігіне сайланды. Торғай қазақтарының 2-облысы (Ақтөбе, 1917, 20 — 25 тамыз) және Қостанай қазақтарының уездік (1918, 14—17 қазан) съездерін өткізуге белсене қатысты. 1920—1922 жылдары Мәскеу университетінің медицина және қоғамтану факульттерінде қатар оқып, 1922 жылы жазда Орта Азия университетіне (Ташкент) ауысты. 1922—1925 жылдары “Ақжол” газетінің бөлім меңгерушісі 1925 — 1929 жылдары Қостанайда дәрігер 1929 жылдан Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халық комиссариатында және тубдиспансерде қызмет атқарды. 1931—1935 жылдары Ленинград медицина институтының аспиранты 1935—1937 жылдары Алматы медицина институты клиникасының дәрігері, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1937 жылы желтоқсанда тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны болды. 1956 жылы 6 қарашада ақталды.

Шығармашылығы

Көкжөтел “Әйел теңдігі”, 1929; Шума ауруы неден болады? 1929.

Дереккөздер