Shejire

Алтынбеков Бауэр Ембергенұлы

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бауэр Ембергенұлы Алтынбеков (17.3.1931 жыл, Алматы қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1980), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003).

Өмірбаяны

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1958). Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (1958–1971) Ақтөбе медицина институтында жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі (1971–1974). Қазақ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры (1974–90) Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (1990–1995) кафедра меңгерушісі. 1995 жылдан Шымкент медицина институтының кәсіби аурулар мен жалпы гигиена кафедраларының меңгерушісі болды.

Еңбектері

Негізгі еңбектері еңбек гигиенасы мен адам физиологиясы, эргономика, кәсіби патология, әлеуметтік гигиена мәселелеріне арналған.

Семей ядролық полигонының және антропогендік экологияның сол аймаққа тигізіп отырған зардаптарын да зерттеген. Ол еңбек гигиенасымен шұғылданушылардың қазақстандық мектебінің негізін қалады.

Марапаттары

«Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı