Shejire

Алтынасар

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

The ruins of the fortress (Altyn-asar)
Mikhail Antonov · CC BY-SA 3.0

Алтынасар — көне қала орны. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария өзенінің ескі арнасының бойында орналасқан. Ежелгі аты белгісіз. Алтынасар қала жұрты б.з. I-IV ғасырларында өмір сүрген, көлемі 17 га жерді алып жатқан, төрт бас ғимараттары бар өте ірі қала. Қала бірнеше қабаттардан тұратын күрделі құрылыстардан салынған. Алғаш 1948 ж. Хорезм археолеологиялық экспедициясы (жетекшісі Сергей Толстов) зерттеген. Жота басында екі төбенің сұлбасы айқын байқалады. Біріншісі «Үлкен үй» аталады, аумағы 150х150 м, биіктігі 12–15 м. Мұнда негізінен тұрғын үйлер болған. Екінші төбе «Кіші үй». Жүргізілген қазба жұмыстары қаланың төменгі қабаты 1–8-ғасырларда салынғанын анықтады. Жоғары қабаты 6–8-ғасырларға жатады. Жоғары қабаттағы тұрғын үйлер орындары қазылды. Бөлмелерде суфалар мен еден үстіне орнатылған ошақтар сақталған. Олардың бөренелермен, қамыстармен жабылған төбесі жайпақ болғандығы анықталды. Қала халқы мал, егін шаруашылығымен айналысқан. Сырдың төмен ағысындағы Жетіасар мәдениетінің басқа қоныстары секілді, Алтынасардың да ежелгі тұрғындары жау шапқыншылығынан қаланы тастап кеткен.

Галерея

Дереккөздер

Topography was made photogrammetry
Mikhail Antonov · CC BY-SA 3.0
The ruins of the arch (Altyn-asar)
Mikhail Antonov · CC BY-SA 3.0

Málimetter

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Қызылордада
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев бюсті • Айтбай мешіті • Құтқарушы Христос шіркеуі
Координаттары
45°11′31″ с. е. 63°31′44″ ш. б. / 45.19194° с. е. 63.52889° ш. б. / 45.19194; 63.52889 (G)&…
Арал ауданында
Бегім Ана мұнарасы
Шиелі ауданында
Асан ата кесенесі • Сауысқандық петроглифтері • Оқшы ата мазары
Қазалы ауданында
Ескі Қазалы ғимараттары (Ғани бай үйі • Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы • Қазалы кітапханасы • Ноғай (Нұралы) мешіті) • Теміржолшылар клубы ғимараты • Са…
Жалағаш ауданында
Жент қалашығы (Жанқала)
Сырдария ауданында
Көтібар мұнарасы • Сырлытам кесенесі • Мұлқалан (Молда-Қалан) • Асанас ата кесенесі • Қожан қожа кесенесі