Алматы қаласы мәслихаты
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Алматы қаласы мәслихаты — Қазақстандағы Алматы қаласының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. 1993 жылы құрылған бұл мәслихаттың 2023 жылдан бері 42 депутатының жартысы партиялық тізім бойынша сайланса, қалғаны партиясынан тәуелсіз, бірмандатты округ бойынша сайланады. Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздан бергі қызметтегі төрағасы — Аманат мүшесі Мейіржан Отыншиев.
Тарихы
1993 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы қабылданды. 1994 жылғы 10 наурызда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бүкілхалықтық сайлау өтіп, Мәслихат деп аталатын бірінші шақырылған өкілді органдар сайланды. Мәслихаттың 5 жыл сайын жасырын дауыс беру арқылы сайланған 37 депутаты болған. 2018 жылғы 23 мамырда ендігі мәслихаттардың пропорциялық сайлау жүйесі арқылы сайланатыны жарияланды. Заң 2018 жылғы маусымда күшке енді. 2021 жылғы 10 қаңтардағы жергілікті сайлау барысында қалалық мәслихаттың 39 депутаты тұңғыш рет партиялық тізім бойынша сайланды. Нұр Отан партиясы 29 депутаттық мандаттың басым көпшілігіне ие болды, одан кейін 3 шағын партия болды. 15 қаңтарда Алматы қалалық мәслихатының 7-шақырылымы өтіп, оның төрағасы болып Станислав Канкуров сайланды. 2023 жылғы жергілікті сайлаулар басталмай жатқанда барлық мәслихаттардың сайлау жүйесі тағы бір өзгертілді, енді депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша пропорционалды сайланса, қалғандары бірмандатты округтерден сайланатын болды. Наурыз айында өткен алматылық сайлау нәтижесінде мәслихаттың қазіргі, 8-шақырылымы сайланды да, төрағасы Мейіржан Отыншиев болды.
Құрылымы
Қалалық мәслихат құрамында 6 тұрақты комиссия бар. Олар:
Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту, қоғамдық және сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі комиссия; Құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссия; Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі комиссия; Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі комиссия; Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі комиссия; Денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия.
Соңғы сайлауы
Төрағаларының тізімі
Жұмабек Төрегелдинов (04.1994 - 11.2002 жж.) Төлеубек Мұқашев (11.2002 - 10.2014 жж.) Қалдыбай Қазанбаев (10.2014 - 01.2021 жж.) Станислав Канкуров (15.01.2021 - 19.01.2023 жж.) Мейіржан Отыншиев (30.03.2023 бастап)