Алматы Округі
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Алматы округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі. Алматы округі 1928 жылы 17 қаңтарда Жетісу губерниясының бір бөлігінен құрылды. Округ орталығы Алматы қаласы болды. Округ 21 ауданға бөлінді:
Алтынемел ауданы. Орталығы — Көлқамыс ауылы. Алакөл ауданы. Орталығы — Андреевское ауылы. Балқаш ауданы. Орталығы — Қараөзек ауылы. Бәрібаев ауданы. Орталығы — Басқан ауылы. Бүйен-Ақсу ауданы. Орталығы — Ақсу ауылы. Герасимов ауданы. Орталығы — Герасимовское ауылы. Жаркент ауданы. Орталығы — Жаркент қаласы. Іле ауданы. Орталығы — Сандықтай ауылы. Қаратал ауданы. Орталығы — Қарашеңгел мекені. Қарқара ауданы. Қастек ауданы. Орталығы — Тарғап ауылы. Қоңырөлең ауданы. Орталығы — Желбастау мекені. Қордай ауданы. Орталығы — Қасық ауылы. Ленин ауданы. Орталығы — Алматы қаласы. Сарқан ауданы. Орталығы — Сарқан бекеті. Сүгеті ауданы. Орталығы — Қызыл Еңбекшіқазақ ауылы. Талғар ауданы. Орталығы — Есік бекеті. Талдықорған ауданы. Орталығы — Талдықорған қаласы. Шелек ауданы. Орталығы — Шелек ауылы. Шоқпар ауданы. Орталығы — Көктөбе ауылы. Шу ауданы. Орталығы — Георгиевское ауылы. 1928 жылы 17 шілдеде Ленин ауданының атауын Калинин ауданы етіп, Герасимовтікін - орталығы Андреевское ауылы болған Андреев ауданы, Қоңырөлең - Октябрь ауданы, Іле - орталығы Безводное ауылы болатын Қарғалы ауданы етіп өзгертілді. 1929 жылы 1 мамырда Талғар ауданының атауы Есік ауданы етіп өзгертілді. 1929 жылдың аяғында тағы 2 аудан атауы: Алтынемел - Малайсары ауданы, Сүгеті - Еңбекшіқазақ ауданы етіп өзгертілді. Округқа кірді:
елді мекендер - 14559, оның ішінде 2 қала - Алматы және Жаркент; 24,2 мың тұрғын, оның 7,3% -ы қала тұрғындары; 33 өнеркәсіп кәсіпорны (1928 жыл аяғында). 1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтері сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
Әдебиет
Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы