Shejire

Әлімқұл Бүркітбаев

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Әлімқұл Бүркітбаев (16 наурыз 1942, Шу ауданы — 24 тамыз 2003, Алматы) — Қазақстандық спортшы, ғалым, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сары Үйсін руынан шыққан. Балалар үйінде тәрбиеленген. Бішкек дене тәрбиесі институтын, Пекин университетінің шығыс медицинасы факультетін бітірген. Бокстан Қырғызстанның бес дүркін чемпионы. Спорт тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, профессор атағына ие болды. Жамбыл облысының спорт комитеті төрағасының орынбасары, ҚКСР Оқу министрінің көмекшісі, Абай атындағы педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ол Қажымұқан туралы деректі кітап пен ғылыми зерттеулердің, «Мұғалім», «Қазақтың ат спорты», «Жетімек» сынды басылымдардың авторы.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı