Shejire

Алатау

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Алматы облысының картасы
Murat Karibay · CC0

Алатау — Алматы облысы Қарасай ауданы, бұрынғы Үлкен Алматы ауылдық округінің орталығы болған ауыл. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Нұр Алатау шағын ауданы.

Географиялық орны

Алматы қаласының оңтүстігінде, Үлкен Алматы өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы

Тұрғыны 7989 адам (2009).

Тарихы

1996 жылға дейін "2-Пятилетка" деп аталып келген. Таудың ылғалды агроклиматтық белдемінде жатыр. 1997 жылға дейін жеміс шаруашылығымен айналысатын кеңшардың орталығы болған. Алатауда 1997 жылы 9 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы

Алатауда 2 орта мектеп, клуб, кинотеатр, аурухана, кәсіпорындар мен демалыс орындары бар. Алматы және Қаскелең қалаларымен, елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Málimetter

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Облысы
Алматы облысы
Тұрғыны
7989 адам (2009)
Уақыт белдеуі
UTC+5:00
Координаттары
43°10′49″ с. е. 76°54′00″ ш. б. / 43.18028° с. е. 76.90000° ш. б. / 43.18028; 76.90000 (G)&…
Автомобиль коды
05
Бұрынғы атаулары
2-Пятилетка