Shejire

Айтым Әбдірахманов

Şejiredegi ornı
TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Залевкашенная иконная доска
Участник:Nesusvet · Public domain

Айтым Әбдірахманов (20.12.1928 жыл, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы) Жарқын ауылы – 20.3.1994 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1991).

ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ) Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын (1954, қазіргі Тіл Білімі Институты) бітірген. Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл білімі институтында кіші (1954–1958) аға (1958–1970) ғылыми қызметкер бөлім меңгерушісі (1970–1980) жетекші ғылыми қызметкер (1981–1994) болып қызмет атқарды.

Ғылыми жұмыстары

«Қазақстан топонимдерін тарихи этимологиялық тұрғыдан зерттеу» деген тақырыпта доктрлық диссертация қорғады. Әбдірахмановтың ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің топонимика, терминологиялық және емле мәселелеріне арналған. Әбдірахманов 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның

«Қазақстанның жер-су аттары», 1959; «Топонимика және этнотопонимика», 1975; «Қазақстан этнотопонимикасы», 1979 авторы.

Дереккөздер