Айсырға Қилыбаева
TūlğaJañartý: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Айсырға Қилыбаева (1949 Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы - 2012) – мәдениет қызметкері, ақын.
Өмірбаяны
Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту техникумын және Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірген. Айсырға Қилыбаева Бейнеу және Маңғыстау ауданы кітапханаларын басқарды, Маңғыстау ауданы мұражайын ұйымдастырушылардың бірі. "Жаңа өмір" газетінің штаттан тыс тілшісі болған.
Шығармалары
«Жыр-дәурен» (2004) өлеңдер жинағы. «Аманат» (2013) өлеңдер жинағы. «Өткен күнде өрнек бар» (2009) кітабы.