Shejire

Ахметжан Қозыбағаров

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ахметжан Қозыбағаров (1879 жылы 1 мамыр, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында – 1937) — Алаш партиясының белсенді мүшесі, әрі Ахмет Байтұрсыновтың жақын серігі, қазақ ұлтынан шыққан демократиялық зиялылардың бірі. Алғашқы білімді дәрігер. Семейдегі ауылшаруашылық мектеп-интернатын бітіріп, 1901–1906 жылдары Омбыдағы фельдшерлік мектепте оқыған. 1906–1918 жылдары Семейдегі губерниялық ауруханада фельдшер қызметін атқарды. 1917–1919 жылдары Алаш партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысып, 1918 жылы Алашорданың Семей облыстық кеңесіне мүше болды. 1921–1922 жылдары Шығыстауда Арқат дәрігерлік бөлімшесін басқарып, өз қаржысына емхана салдырды. 1935–1937 жылдары Алматы кірпіш зауытының емханасында меңгеруші болды. 1937 жылы 25 тамызда Алматыда тұтқындалды. Семей абақтысына жабылып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы ақталды.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Ахметжан Қозыбағаров
Қызметі
дәрігер
Туған жері
ҚазКСР, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
Туған күні
1 мамыр 1879 (1879-05-01)
Азаматтығы
 КСРО
Қайтыс болған күні
1937 (1937)