Shejire

Әбіл Қуанғалиұлы Жетбаев

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Әбіл Қуанғалиұлы Жетбаев (1938 сәуірдің 16, Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Володар ауданы Қарабүйрек ауылы – 1999 наурыздың 1 Алматы, Алатау кенті) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1983), професор (1986), Қазақстан ұлттық академияның корриспондент мүшесі (1994), Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1993).

Өмірбаяны

1961 – ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазөУ) бітірген. 1961–1987 – Ядролық физика институтында аға лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, лаборант меңгерушісі; 1987–1999 – Ядролық физика институтының директоры қызметтерін атқарған.

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары қатты денелердегі радиациялық құбылыстардың ядролық гамма-резонанстық спектроскопиясын зерттеуге, сондай-ақ, нейтронография мен радиография мәселелеріне арналған. Үш өнертабыстың авторы.

Шығармалары

Исследование радиационных последствий ядерных реакций с помощью эффекта Мессбауэра. В сб.: Прикладная ядерная спектроскопия, в., 12, М., 1983.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı

Málimetter

kişi
Әбіл Қуанғалиұлы Жетбаев
Туған жері
Ресей Федерациясы, Астрахан облысы Володар ауданы Қарабүйрек ауылы
Туған күні
16 сәуір 1938 (1938-04-16)
Ғылыми дәрежесі
физика-математика ғылымдарының докторы, професор
Қайтыс болған жері
Алматы, Алатау кенті
Қайтыс болған күні
1 наурыз 1999 (1999-03-01) (60 жас)