Shejire

Әбділдин Мейірхан Мүбәрәкұлы

Şejiredegi ornı
TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

M. M. Abdildin on the banquet of 3rd Galileo - Xu Guangqi meeting, Beijing, October 2011.
Melirius · CC BY-SA 4.0

Әбділдин Мейірхан Мүбәрәкұлы(16 наурыз 1938 ж.т., қазіргі Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Троицк ауд., Загаиново с. — 09 қаңтар 2012 ж.қ.б., Қазақстан, Алматы қ.) — ғалым, физ.-матем. ғыл. докторы (1985), проф. (1986). Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1989).

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды бітірген (1959). 1959 — 1970 жж. Қазақ КСР ғылым академиясының Ядролық физика, Астрофизика институттарында ғыл. қызметтер атқарды. 1970 жылдан ҚазМҰУ-да кафедра меңгерушісі, проф., университет ректоры (1988 — 91) болды. Қазір осы ун-тте кафедра меңгерушісі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мəселелері

Әбділдиннің негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары салыстырмалық және гравитациялық теорияның күрделі мәселелерін шешуге арналған. Альберт Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысы проблемасын зерттеді, денелердің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының релятивистік теңдеулерін негіздеді, Альберт Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының мәселелерін зерттеудің жаңа әдістерін дамытты, жалпы салыстырмалылық теориясы негізінде денелер қозғалысының адиабаттық теориясын түзеді, дененің меншікті айналысы жөніндегі мәселелерді зерттеуде гидродинамикалық аналогияны қолдану идеясын ұсынды.

Дереккөздер

Málimetter

kişi
Әбділдин Мейірхан Мүбәрәкұлы
Жұмыс орны
ҚазҰУ
Туған жері
Загаиново ауылы, Троицк ауданы, Алтай өлкесі, РКФСР, КСРО
Туған күні
16 наурыз 1938 (1938-03-16)
Азаматтығы
Қазақстан КСРО (1938-1991)
Альма-матер
ҚазҰУ
Ғылыми аясы
Жалпы салыстырмалылық теориясы
Ғылыми атағы
профессор
Ғылыми жетекші
Владимир Фок