Shejire

Әбдеш Сәрсенұлы Қалмырзаев

TūlğaJañartý: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Үлгі:Infobox Әбдеш Сәрсенұлы Қалмырзаев (20.5.1939, Сарысу ауданы Саудакент - 2012, Алматы) – қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991). Қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1961), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1981) бітірген. 1961-85 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-інде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1985-90 жылдары Көкшетау облысы партия комитетінің хатшысы, 1990-94 жылдары Алматы саясаттану және басқару жоғары мектебінің ректоры, 1994 жылдан «Мысль» журналының бас редакторы. Қалмырзаев «Құрмет белгісі» (1976), «Достық» (1998) ордендерімен және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Дереккөздер

Şejiredegi ornı