Абайдың өнері һәм қызметі (мақала)
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
«Абайдың өнері һәм қызметі» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы (Турағұл Құнанбаевпен бірге). Алғаш рет 1918 жылы «Абай» журналының 2-санында жарық көрді. Соңына «Екеу» деп қол қойылған. Бұдан кейін 1995 жылы осы журналдың біріккен 1-2-санында қайта жарияланды. Әуезов шығармаларының 50 томдық толық жинағының 1-кітабына енгізілді. Мақала — абайтану саласында авторлар жазған тұңғыш ғылыми еңбек. Онда ұлы ақынның шығармалары мен өміріне шолу жасалған.
деп, авторлар ақынның поэзиясына өрнектер мен нақыштарды мысалға келтіреді, біраз өлеңдерін талдайды, философиялық көзқарастарына назар аударады. Абайдың көп өнерінің бірі — аударма. Бұл салада да ол ешкімге дес бермеген. Кейбір өлеңдерді қазақ тіліне аударғанда, түп нұсқадан да артық шыққан.
деп ой түйеді, тұжырым жасайды мақала авторлары.