Shejire

Абайдың халықтығы мен реализмі

TarıhJañartý: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

«Абайдың халықтығы мен реализмі», («Народность и реализм Абая») — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет қазақ тілінде «Коммунизм таңы» газетінің 1954 жылғы 5 қыркүйектегі санында, одан кейін орыс тілінде «Литературная газета» (7. IX. 1954), «Ученые записки КазГУ» (19-т. 1955, 1-6-беттер), «Мысли разных лет» (1961, 205-211-6.), «Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер» (1967, 340-346-6.), «М. Әуезов. Собрание сочинении», (5-т., М., 1975, 291-297-6.), «20 томдық шығармалар жинағы» (19-кітап, 1985, 53-59-6.) басылымдарында жарияланды. Әуезов мақалада ұлы ақын шығармаларының құндылық жақтарын саралайды. Ақын поэзиясының өміршеңдігі - онда халық өмірінің, арман-мұңының, жарқын болашаққа ұмтылысының шынайы бейнелеуінде жатыр. Өз халқының, батыс, шығыс әдебиетінен мол сусындаған Абайдың поэзиясы қазақ халқының асыл қазынасына кәусар бұлақ болып құйылып, бүгінгі заманымызда да рухани игілікке айналып отыр. Абай өлеңдерінің өміршеңдігі оның халықтығы мен реалистігінде жатыр. Қазақ өмірінің әлеуметтік қайшылықтарға толы тұрмыс-тіршілігінің барынша шынайы суреттелуі Абай поэзиясының жаңашылдық сипатын танытады. Өршіл отаншылдықты, гуманистік идеяларды, әділетсіздік пен надандықты барынша әшкерелей алған ұлы Абайды қазақ халқы мақтан тұтады. Мақала қазақ ақынының ұлылық сипаттарын орыс оқырмандарына таныстыру мақсатымен, Абайдың қайтыс болғанына 50 жыл толуына орай жазылған.

Дереккөздер