Shejire

Жұмабеков Жүнісбек

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жұмабеков Жүнісбек (07.01.1927, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай а. – 04.04.1980, Алматы қ.) – тарих ғылымдарының докторы (1971). Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан. Алматы заң институтын (1949) бітірген. 1949–55 ж. осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі, Семей малдәрігерлік институтында (1955–58), 1958 ж. Қазақ физкультура институтында (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы) кафедра меңгерушісі, Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің қоғамдық ғылымдар бөлімін басқарды (1966–67). ҚазПИ-дің (1974–80, қазіргі ҚазҰПУ) ректоры болды. «Руководство КОКП вовлечением трудового крестьянства Казахстана в строительство социализма (1926–1932 г.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Soy ağacındaki yeri