Shejire

Жігімбай

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жігімбай – көне бекініс орны. Жамбыл обл-ның Мерке ауд-нда Мөңке т.ж. бекетінен 2 км жерде орналасқан. Сыртқы көрінісі төртбұрышты, ауд. 2424 м. Ж. топырақтан тұрғызылған дуалмен қоршалған. Дуалдың сақталған қалдығының биікт. 1 м-ден асады. Ж-ды 1936 ж. археолог А.Н. Бернштам зерттеген. Археол. барлау кезінде құмыралар, қос құлақты қазандар және астық салатын күбі сынықтары табылды. Алынған бұйымдарға қарағанда бекініс б.з. 8 – 10 ғ-ларында өмір сүрген тайпалардың тұрағы болған. Олар егіншілікпен, мал ш-мен шұғылданған.

Сілтемелер

Пайдаланылған әдебиет