Жақсығұлов турнирі
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Жақсығұлов турнирі - Қазақ күресі бойынша Кеңес Одағының Батыры Садық Шәкелұлы Жақсығұлов атындағы республикалық турнир. 1976 жылдан Тасқала ауданының «Жастар» стадионында өткізілді. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар, белгілер, жалаушалар, ескерткіш бұйымдар беру дәстүрі қалыптасқан. Құрылған күннен бастап Жақсығұлов турниріне Қазақстан мен Орта Азия республикаларынан 2 мыңдай спортшы қатысты. Солардың ішінде Б.Шулумов (1979), Ө.Молдабеков (1987), О.Қожагелдин (1993) абсолюттік чемпион атағына ие болды. Бұл республикалық турнирде 150-дей спорт шеберлері мен түрлі дәрежедегі спортшылар өз шеберліктерін шыңдай, көрсете білді.