Жантай батыр
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Жантай батыр (темір жол бекеті, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы – 1771, Жетісу, Іле өзені бойы) — батыр, қазақ елін жоңғар басқыншыларынан азат үшін болған шайқастарға қатысқан. Арғын тайпасының Қанжығалы бөлімінен шыққан. 1771 жылы Абылай хан Бөгенбай батыр мен Жантай батырға 500 әскер беріп, Ресейден Қытайға қарай жылжып бара жатқан қалмақ әскерін барлап қайтуға жұмсайды. Жантай батыр тұтқынға түсіп қалған інісі Арқандар батырды құтқару үшін, он мың қолы бар жау шебіне кіріп, осы ұрыста қаза табады. Батырдың бейіті Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жантай ауылы маңында.