Жанпейіс қорымы
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Жанпейіс қорымы, Жанпейістің шамкөрі — [[Райымбек ауданы]], Шөлкөде жайлауындағы әулеттік қорым. 1918 ж. күзінде казак-орыстардың жазалаушы отряды Албан руының атақты биі Жанпейістің ауылын ойрандап, 11 адамды (бір деректерде — 24) атып өлтірген. Осы орынға би ұрпақтары келіп ағаштан үлкен зират орнатты.