Жалғас Ұзақбаев
KişiGüncelleme: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Жалғас Ұзақбаев (1920, Маңғыстау ауданы Қызан ауылы – 2003) – соғыс ардагері, педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озаты» (1977).
1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылдан Маңғыстау ауданы мектептерінде мұғалім, мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.