Shejire

Жалау Байболұлы Қазиев

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Жалау Байболұлы Қазиев (1937, Маңғыстау ауданы, Сығынды ауылы (қазіргі Сайын Шапағатов ауылы) – 1997, Ақшұқыр (қазіргі Сайын Шапағатов ауылы)) – педагог, халықтық педагогика әдістерін алғаш қолданушылардың бірі. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1986).

Өмірбаяны

Гурьев (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) мұғалімдер институттын (1956) бітірген. Орал педагогикалық институтын бітірген (1964). 1959 – 72 жылы Ералиев атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі 1972 – 75 жылы Форт-Шевченко қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі 1975 жылдан Ералиев атындағы орта мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болды.

Марапаттары

Н.К. Крупская атындағы сыйлықтың иегері Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бүкілодақтық халыққа білім беру қызметкерлері 2-съезінің делегаты.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri