Яхия Әубәкірұлы Әубәкіров
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Яхия Аубәкірұлы Әубәкіров (1925 жылы 18 тамыз Қарағанды облысы Шет ауданы - 2008 жылы 23 маусым Алматы) — ғалым. ҚР ҰҒА академигі. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
Өмірбаяны
Қарағанды облысының Ақбауыр ауылында орта білім алып, соғыс жылдары жеті жылдық ауыл мектебінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 1944-1946 жылдары кеңес әскерінің құрамында әкімшілік қызметтің қатардағы жауынгері болып қызмет атқарады. 60-шы жылдары экономика ғылымының Қазақстандық мектебі өте жылдам қарқынмен қалыптасып дами бастағаны мәлім. Академик С.Б.Баишев, ҚазССР–ға корр. мүшесі Г.Ч.Чуланов, профессорлар С.А.Нейштадт, И.М.Бровер, Ф.А.Жеребятьев, Т.Ш.Шаукенбаев, Т.Т.Төлебаев, М.Е.Бутин, В.Н.Пуриц, Г.Ш.Надиров, Д.Қ.Қабдиев, В.Г.Мордовин және т.б сияқты мықты ғалымдармен, оқытушылармен, Республикадағы экономика ғылымының негізін қалаушы ардагерлер мен қатар жұмыс істей жүріп, Я.Ә.Әубәкіровта экономикалық теорияны дамытуға өзінің елеулі үлесін қосты.
Қызметі
1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия кафедрасының доценті атағын алады. 1963 жылдан бастап, Қазақ халық шаруашылығы институтында (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) саяси экономия кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады. 1967-1972 жылдары осы институттың проректоры қызметін атқарады. 1970 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары қызметкерлерінің арасында алғаш рет Яхия Әубәкірұлына «ҚазССР Жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері» деген құрметті атақ берілді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Я.Ә.Әубәкіровтің ғылыми зерттеушілік және ұйымдастырушылық еңбегінің нәтижесі Қазақстанның ғылыми ортасында танымал болды. 1975 жылы ол ҚазССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, 1989 жылы толық мүшесі болып сайланды. Я.Ә.Әубәкіров қоғамдық қызметі мен еңбек жолындағы еңбегі мемлекеттік марапаттауға ие болды. 1970 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары қызметкерлерінің ішінен бірінші оған «ҚазССР Жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері» деген құрметті атақ берілді. Ол КСРО медальдарымен, КСРО жоғары мектебінің үздігі белгісімен және ҚР президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен, Қазақ КССР Жоғарғы кеңесінің құрмет грамоталарымен, КСРО жоғарғы білім беру министрлігінің құрмет қағазымен марапатталды.