Shejire

Вячеслав Афанасьевич Киктенко

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Вячеслав Афанасьевич Киктенко (2.2.1907, Өзбекстан, Самарқанд қаласы – 12.10.1977, Алматы қаласы) – инженер-гидроэнергетик, техника ғылымдарының докторы (1969).

1931 - Орта Азия су шаруашылығы инженерлері институтын бітірген. 1942 жылға дейін Қазақ КСР-і Су шаруашылығы халық комиссариаты жүйесінде инженер, жобалау мекемелерін басқарды. 1945-1977 - Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарған. 1966 жылы «Расчеты многолетнего регулирования стока методом интегральных уравнений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері өзен ағысын реттеу мәселесіне және Қазақстанның қуаң аймақтарын сумен қамтамасыз ету проблемасына арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri